Сіз Ozon ID арқылы авторизациядан өте аласыз.
Ozon ID #
Ozon ID — Ozon сервистарында авторизацияға арналған бірыңғай аккаунт.
Ozon ID арқылы кіру үшін телефон нөмірін енгізіп, Войти («Кіру») батырмасын басыңыз.
Телефоныңызға қоңырау шалады немесе СМС, пуш хабарлама, Ozon жеке кабинетіндегі чатқа код келіп түседі «Қауіпсіздік».
Бір реттік кодты немесе сізге қоңырау шалған телефон нөмірінің соңғы 6 санын енгізіңіз.
Егер сізге Mobile ID қолжетімді болса, қоңырау немесе код келмейді — нөмірді енгізген соң сіз аккаунтқа автоматты түрде кіресіз.
Mobile ID #
Mobile ID — мобильді құрылғыларда телефон нөмірі арқылы авторизациядан өтуге арналған сервис.
Мобильді оператор сіздің телефоныңыздағы SIM-карта нөмірі мен сіз көрсеткен нөмірді салыстырады.
Егер сәйкес келсе, сізге кіру үшін бір реттік кодты енгізудің қажеті жоқ.
Сіз Mobile ID арқылы кіре аласыз, егер:
- телефон мобильді желіге қосылған, Wi-Fi-ға қосылмаған болса;
- SIM-карта нөмірі сіз көрсеткен нөмірмен сәйкес келсе.
«Қауіпсіздік» чаты #
Чатқа аккаунттың қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар келеді: аккаунтқа кіру туралы деректер және авторизация кодары туралы ақпарат. Чат тек авторизацияланған қолданушылар үшін қолжетімді.
Чатты ашу үшін, сілтеме бойынша өтіңіз немесе:
-
Басты беттегі Сообщения («Хабарламалар») бөліміне өтіңіз.
-
Чаттар тізімінде «Безопасность» («Қауіпсіздік») батырмасын басыңыз.