Кредит («Несие») төлем тәсілі қолжетімсіз. Оның орнына Рассрочка («Бөліп төлеу») тәсілін пайдаланыңыз, банктер сізге қолжетімді ұсыныстарды, соның ішінде несие нұсқаларын да ұсынады.
Егер сізге несие емес, бөліп төлеу ұсынылса, бұл банк талдауының нәтижесінде дәл осы өнім сіз үшін ең қолайлы деп танылғанын білдіреді.
Несиеге алу #
Рассрочка («Бөліп төлеу») төлем тәсілі арқылы өтінім жіберіңіз.
Банк сізге бөліп төлеу немесе несие ұсынуы мүмкін — ұсыныстың жанында жасыл белгіше пайда болады. Бұл банкпен келісімшарт жасай аласыз дегенді білдіреді.
Егер банк бөліп төлеуді де, несиені де ұсына алмаса, оның жанында қызыл белгіше көрсетіледі. Тауарларды сатып алу үшін жаңа тапсырыс жасап, басқа төлем тәсілін таңдаңыз.