Тапсырыс бойынша мүмкін болатын мәселелер

Егер сізде келесі жағдайлар туындаған болса, пункттің қызметкерлеріне немесе курьерге хабарласыңыз:

  • Тауардың қандай да бір ақауы бар немесе сіз тапсырыс бергеннен өзгеше тауар келді.
  • Тауардың сипаттамалары сәйкес келмеді. Мысалы, сіз көк қалам тапсырыс бердіңіз, бірақ қара қалам келді.
  • Толық емес жиынтық. Мысалы, жиынтықта алты тәрелке болуы керек еді, бірақ бес тәрелке ғана немесе телефон жинағында зарядтау құрылғысы жоқ.
  • Пайдаланылған тауар келді. Мысалы, кір жуғыш машинада кір жуатын ұнтақ қалған болса.
  • Сіз тапсырыс бермеген қосымша тауар келді.

Егер сіз тауардағы кемшілікті тапсырысты алғаннан немесе курьер кеткеннен кейін байқасаңыз, тауарды қайтару рәсімін жасаңыз.

Тауарды қалай қайтаруға болады

Тапсырыс тауарлары толық келмеген жағдайда #

Егер барлық тауарыңыз келмесе алу пункттінің қызметкерлеріне немесе курьерге хабарласыңыз. Мысалы, сіз кітап, диск және доп тапсырыс бердіңіз, бірақ диск жоқ.

Егер сіз тауардағы кемшілікті тапсырысты алғаннан немесе курьер кеткеннен кейін байқасаңыз, қолдау чатына хабарлама жазыңыз.

Тапсырыс алынбады, бірақ статус өзгерген жағдайда #

Егер тауар мәртебесі «Тауар алынды» мәртебесіне өтіп, бірақ сіз тапсырысты алмасаңыз, статус өзгергеннен кейін 7 күн ішінде қолдау чатына жазу қажет. Егер уақытында хабарламасаңыз, біз өтінішіңізді қабылдай алмаймыз.

Скрыть навигацию

Показать навигацию