ЕАЭС елдерінен тыс сатушылардан тауар тапсырыс берген кезде қосымша ережелер қолданылады. Елге жеке пайдалану үшін тауарларды әкелу мақсатында тасымалдаушы оларды декларациялау керек. Ол үшін тасымалдаушы немесе кеден қызметкерлері жолаушының кеден декларациясын толтырады. Ozon сіздің жеке деректеріңізді жеке кабинетте сұрайды және оны декларацияны толтыру үшін тасымалдаушыға немесе кеден қызметіне береді.
Егер сіз төлемнен кейін 24 сағат ішінде деректерді енгізбесеңіз, тапсырыс күшін жояды.
Ozon жеке деректерді тапсырыс алынғанға дейін сақтайды. Деректерді әр жаңа тапсырыс үшін қайта енгізу қажет.
Жеке деректерді енгізу #
Тапсырысты алатын адамның деректерін енгізіңіз.
-
Төлемнен кейін немесе тапсырыс бетінде Тапсырыстар бөлімінде Заполнить данные («Деректерді енгізу») батырмасын басыңыз.
-
Алушының деректерін енгізіңіз:
- Аты-жөні. Егер әкесінің аты жоқ болса, бұл жолды бос қалдырыңыз.
- Жеке кәулік нөмірі және берілген күні.
- ЖСН.
-
Сохранить («Сақтау») батырмасын басыңыз.
Егер деректерді қате енгізсеңіз, тапсырыс «Жолда» күйіне өткенге дейін оларды түзете аласыз. Тасымалдаушы компанияның өкілі сізбен жеке деректерді нақтылау үшін байланысуы мүмкін.